- Барлық ақпарат
Қытай алдағы бес жылдағы білім беруді дамытудың іс-қимыл бағытын нақтылады

3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Мемлекеттік кеңесі жақында «Білім беруді дамытудың «15-інші бесжылдық» жоспарын» бекітіп, алдағы бес жылға арналған жоғары білім саласындағы көптеген реформа шараларын айқындады.
Жоғары сапалы бакалавриат қабылдауын кеңейту: Жетекші жоғары оқу орындары мен бірінші деңгейлі пәндер құрылысын жүргізетін жоғары оқу орындарының бакалавриатқа қабылдау саны 100 мың адамнан астамға артады, жаңа өнімділік күштерін бағыттайтын жаңадан пайда болған пәнаралық бағыттарға басымдықпен қолдау көрсетіледі. Сонымен қатар шамамен 200 жоғары деңгейлі қолданбалы бакалавриат жоғары оқу орындары құрылып, өндіріс пен білімнің интеграциясы ілгерілетіледі.
Ресурстардың орналасуын оңтайландыру: Жаңа жоғары білім ресурстары халқы көп өлкелерге, орталық пен батыс аймақтарға және саны аз ұлттар салыстырмалы түрде шоғырланған аймақтарға басымдықпен бөлінеді, орталық пен батыс аймақтардағы жоғары білімді жандандыру жоспары жалғастырылады, бірнеше жаңа типтегі ғылыми-зерттеу университеттері құрылады, негізінен жаратылыстану, инженерия, ауыл шаруашылығы және медицина бағыттары бойынша бакалавриат пен магистратура қабылдау көлемі ұлғайтылады.
Жоғары оқу орындарының ғылыми-зерттеу мүмкіндігін күшейту: Жоғары оқу орындарының мемлекеттік ірі ғылыми-техникалық тапсырмаларды орындауы ұйымдастырылып, мемлекеттік ғылыми-технологиялық инновациялық платформалар мен базалар және мемлекеттік ірі ғылыми-техникалық инфрақұрылымдар салынады, іргелі зерттеулер, ірі ғылыми ашылымдар және негізгі технологиялық бөгеттерді бұзу жұмыстары күшейтіледі.
people.cn © People's Daily Online



