Қытай жеңіл автокөліктерінің Еуропа нарығындағы үлесі алғаш рет Жапониядан асып түсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 шілде

3 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Еуропа автокөлік өндірушілер қауымдастығының соңғы статистикалық деректері бойынша, мамыр айында Қытай жеңіл автокөліктерінің Еуропа нарығындағы үлесі алғаш рет Жапониядан асып түсті.

Деректер көрсеткендей, мамырда бес қытайлық автокөлік өндірушісі Еуропаның 31 елінде барлығы 138,4 мың автокөлік сатқан. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 65%-ға өскен; ал жапондық алты автокөлік өндірушісінің Еуропаның 31 еліндегі автокөлік сатылымы 130,4 мыңды құрап, 3%-ға кеміген.

«Ниппон Кейдзай Симбун» газетінің хабарлауынша, жапондық кәсіпорындар гибридті автокөліктердің отын үнемділігі тұрғысынан жоғары беделге ие. Алайда электромобильдер желісінің шектеулі болуына байланысты Еуропаның әртүрлі елдеріндегі жеңілдік саясатының тиімділігін көре алмай отыр.

Басылым сондай-ақ, жапондық автокөліктердің беделі күннен-күнге төмендеп, қытайлық автокөліктердің Еуропа нарығындағы ықпалы күн сайын артып келе жатқанын атап өтті.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото