«Цифрлық Орталық Азия» халықаралық ынтымақтастық форумы Бейжіңде өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 6 шілде

6 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда 2026 жылғы Ғаламдық цифрлық экономика саммитінің аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі – «Цифрлық Орталық Азия» халықаралық ынтымақтастық форумы Бейжіңде өтті.

Ғаламдық цифрлық экономика қалалары альянсының бас хатшысы Ю Цзин форумда Орталық Азияның Жібек жолының негізгі торабы және Еуразия құрлығының географиялық хабы ретінде әлемдік цифрлық экономика өсімі ең жылдам аймақтардың біріне айналып отырғанын атап өтті.

Цифрлық технологиялар өнеркәсіп, сауда, логистика және мемлекеттік басқарудың дәстүрлі даму үлгілерін қайта құрып жатыр. Қазақстан үш жыл ішінде өз елін толыққанды цифрландырылған мемлекетке айналдыруды жоспарлап отыр. Ал цифрлық экономикасы қарқынды дамып келе жатқан Қытай - Қазақстан және басқа да Орталық Азия елдері үшін ынтымақтастық орнатуға пейілді серіктес. Қазақстанның G-Global халықаралық хатшылығының төрағасы Серік Нөгербеков Қазақстан үшін Қытаймен цифрлық экономика саласында ынтымақтастық орнату халықаралық қатынастардың бір бағыты ғана емес, сонымен бірге Еуразия құрлығында жаңа даму үлгісін бірлесе құру екенін айтты.

Тәжікстанның Ұлттық инвестиция және мемлекеттік мүлік басқару комитетінің жауапты өкілі Тәжікстан мен Қытайдың болашақ ынтымақтастығы цифрлық инвестициялық ынтымақтастық платформасы, трансшекаралық деректердің өзара байланысы, зияткерлік жобаларды басқару жүйесі, цифрлық сауданы жеңілдету сияқты бағыттарда күш сала алатынын айтты.

Форумды ұйымдастырушы – Жібек жолы алтын көпірі халықаралық ынтымақтастық орталығының бастамашысы Яо Сай орталық қазіргі уақытта бір цифрлық платформаны құрып, үлкен деректерге сүйене отырып, қытайлық кәсіпорындармен үйлесімділігі барынша жоғары қазақстандық серіктестерді жылдам іріктейтінін, ынтымақтастықтың алдын ала тексеру мерзімін бірнеше айдан екі аптаға дейін қысқартатынын, сондай-ақ шетелге шығатын кәсіпорындарға кедендік рәсімдеу, заңдық-қаржылық салық мәселелері сияқты 80-нен астам сценарийді қамтитын толық циклдік қызмет көрсететінін, болашақта бұл платформа қызметі бүкіл Орталық Азия аймағында таралатынын мәлімдеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото