- Барлық ақпарат
Мемлекет Гуансидегі тайфуннан кейінгі төтенше жағдайларды қалпына келтіруді қолдау үшін орталық бюджеттен шұғыл түрде 100 миллион юань инвестиция бөлді

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында биылғы № 10 «Майсак» тайфуны салдарынан, Гуансидің бірнеше ауданында қатты нөсер жаңбыр мен су тасқыны орын алып, адам және мал-мүлік шығындары болды. 6 шілде күні Ұлттық апаттардың алдын алу, азайту және құтқару комитеті апаттардан кейінгі құтқару үшін IV деңгейлі ұлттық төтенше жағдайларға төтеп беруді іске қосты.
«Табиғи апаттардан кейінгі құтқару, көмек көрсетудің ұлттық төтенше жағдайларға жауап беру жоспарына» және Гуансидегі апаттардан туындаған зияндардың жағдайына сәйкес, ҚХР Ұлттық Даму және реформа комитеті аймақтың тайфуннан кейінгі төтенше жағдайларды қалпына келтіру жұмыстарын қолдау үшін орталық бюджеттен шұғыл түрде 100 миллион юань бөлді.
Тиісті ұлттық органдар сонымен қатар Гуансиге 150 000 дана орталық апаттардан кейінгі көмек заттарын жіберді. Бұл апатқа ұшыраған өңірдегі зардап шеккен халықты көшіру және орналастыру бойынша толық қолдау көрсетті және негізгі тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етті.




people.cn © People's Daily Online



