- Барлық ақпарат
Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасы жөнелткен Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойыздары 8000-нан асты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 шілде

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 6 шілде күні Қытай-Қазақстан (Ляньюньган) логистикалық ынтымақтастық базасынан Өзбекстанның Аблык бекетіне бет алған автобөлшектермен толық тиелген халықаралық жүк пойызы жолға шықты. Бұл база 12 жыл бұрын жұмыс істей бастағаннан бері тасымалдаған 8000-інші халықаралық жүк пойызы. Нанкин кеденінің статистикасына сәйкес, база осы жылдың бірінші жартысында барлығы 485 Қытай-Еуропа (Орталық Азия) жүк пойызын жолға салды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,8%-ға өскен. Тек маусым айының өзінде жөнелткен пойыздар саны алғаш рет 100-ден асып, жаңа айлық рекорд орнатты.
(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



