Орталық Азия қоғамдық денсаулық сақтау саласында «адам - жануар - қоршаған орта» біртұтас динамикалық бірлескен алдын алу және бақылау механизмін құрды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 шілде

7 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 4-5 шілдеде Үрімжіде 2026 жылғы Шыңжаң жібек жолы денсаулық форумы · Шыңжаң - Орталық Азия қоғамдық денсаулық сақтау ынтымақтастығы қосымша форумы өтті. Форумда негізгі жұқпалы аурулардың алдын алу және бақылау, трансшекаралық бірлескен алдын алу және бақылау, ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу салалары бойынша 3 ынтымақтастық меморандумына қол жеткізілді. Оның ішінде туберкулез және бруцеллез ауруларының интервенциялық стратегиясын зерттеу барысында «адам - жануар - қоршаған орта» біртұтас динамикалық бірлескен алдын алу және бақылау механизмін құру алғаш рет ұсынылды.

Келісімге сәйкес, Шыңжаң ауруларды бақылау және алдын алу орталығы Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің Ерекше қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығымен және Тәжікстан Ауыл шаруашылығы ғылым академиясының Ветеринария ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп туберкулез бен бруцеллездің кеңістік-уақыт таралу механизмін зерттеуді бірлесе жүргізеді. Бұл зерттеуде метеорологиялық-экологиялық деректер, халық ағыны, әлеуметтік-экономикалық және мониторинг деректері сияқты көп көзді ақпарат біріктіріліп, екі аурудың таралу заңдылықтары жүйелі түрде талданып, әртүрлі елдерге бейімделген алдын алу және бақылау стратегиялары ұсынылады. Бұл механизмнің негізгі мәні — бұрынғы тек адамға немесе тек жануарға бағытталған алдын алу және бақылау шекарасын бұзып, адам денсаулығы, жануар денсаулығы және қоршаған орта денсаулығын біртұтас шеңберге біріктіріп, үйлестірілген интервенцияны жүзеге асыру.

Форум барысында 8 елден келген 150-ден астам сарапшы мен ғалым трансшекаралық жұқпалы ауруларға қарсы бірлескен күрес, зертханалық әлеуетті бірлесіп дамыту, зияткерлік ауруларды бақылау цифрландыру, зооноздық (жануарлардан жұғатын) аурулардың түп қайнарынан бақылау және алдын алу мәселелері бойынша пікір-талқы жүргізді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото