- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин су тасқынының алдын алу және апаттан құтқару жұмыстарын барынша жақсы атқаруды тапсырды
8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Қазіргі уақытта көптеген аймақтар су тасқынынан зардап шегіп жатқан жағдайда, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин апаттық-құтқару жұмыстарын, апаттан зардап шеккендерге көмек көрсетуді, жарақаттанғандарды емдеуді және зардап шеккен тұрғындарды орналастыруды толық ұйымдастыруды тапсырды. Шығынға ұшырау жағдайын барынша азайтып, қосалқы апаттардың алдын алу қажет екендігін атап өтті.
Осыған дейін күшті жауын-шашын мен дауыл Гуанси Чжуан автономиялық регионы, Хубэй өлкесі және Ганьсу өлкесі сияқты жерлерде су қоймаларының бөгеттерінің бұзылуы, тау көшкіні сияқты бірқатар апаттарды тудырып, адам шығынына және ауыр экономикалық шығындарға әкеп соқты.
Төраға Си Цзиньпин қазіргі су тасқынының алдын алу жағдайы күрделі және тәуекелге толы екенін, барлық аймақтар мен тиісті ведомстволар су тасқынының алдын алу және апаттан құтқару шараларын нақты жүзеге асыруы қажет екенін атап өтті. Ол өзен-көл жағалауларындағы бөгеттер, қауыпты су қоймалары, геологиялық апаттар жиі болатын аумақтар сияқты жерлердегі ақауларды мұқият тексеруді және оны жөндеуді жеделдетуді тапсырды.
Сонымен қатар Төраға мониторинг пен ерте ескерту жүйесін, апаттық-құтқаруға дайындықты күшейтіп, апаттардың алдын алу, одан қорғану және зардаптарын жою жұмыстарын нық жүргізіп, халықтың өмірі мен мүлкінің қауіпсіздігін нақты қамтамасыз ету керек екенін атап өтті.
people.cn © People's Daily Online



