- Барлық ақпарат
Шанхай Хунцяо әуежайы жазғы маусымда шетелдік жолаушылардың сапарын жеңілдету үшін төрт ыңғайлы қызметті іске қосты

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Визасыз кіру саясатының арқасында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында Шанхай арқылы кірген шетелдік туристер саны 2 миллион 40 мыңнан асты. Бұл жалпы шетелдік кіру санының 60%-дан астамын құрайды. Жазғы жолаушылар ағынының шарықтау кезеңіне дайындық ретінде Хунцяо әуежайы шетелдік және транзиттік жолаушыларға арналған төрт жаңартылған қызмет түрін ұсынды:
1. Багажды тегін сақтау: Транзиттік визасыз жолаушылар бір жүкті көлеміне қарамастан тегін сақтай алады. Сақтау мерзімінің ұзақтығы - 72 сағат. Бұл жолаушылардың «қолдарын босатып», қалаға қысқа мерзімді саяхат жасауына мүмкіндік береді.
2. Мүгедектер арбасын жалға алу жеңілдетілді: Қимыл-қозғалысы шектеулі жолаушылар үшін тәулігіне 20 юаньнан мүгедектер арбасын жалға алу қызметі ұсынылады. Арбаны әуежай терминалынан тыс жерлерде де пайдалануға болады, яғни қолдану аймағы шектелмеген. Әр қолданыстан кейін арба міндетті түрде дезинфекцияланады (зарарсыздандырылады деуге болады).
3. Бір терезедегі мәдени және туризм қызметі: Әуежай Ctrip платформасымен бірлесіп кеңес беру орталығын құрды. Шетелдік жолаушылар мұнда бір күндік тегін интернет трафигі мен туристік жеңілдік купондарын пайдаланады. Сонымен қатар ағылшын тілді гид қызметі арқылы Юйюань бағы мен Чэнхуанмьяо ғибадатханасына тегін жартыкүндік экскурсияға қатыса алады.
4. Валюта айырбастау мен салықты қайтару рәсімі жеделдетілді: Валюта айырбастау пункттерінде қолдау көрсетілетін валюта түрлері 38-ден 43-ке дейін ұлғайтылып, ұсақ ақшаға айырбастау қызметі де ұсынылады. Шекарадан шығар кезде салықты қайтару пункттерінде қолма-қол ақша, аударым және өзі таңдайтын қызмет көрсету терминалдары арқылы тез қайтарудың тәсілдері қолжетімді болады.
people.cn © People's Daily Online



