- Барлық ақпарат
Ташкентте Орталық Азия теміржол колледжі ашылды

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 19 маусым күні Шэньси теміржол институты мен Ташкент мемлекеттік көлік университеті бірлесіп Өзбекстан астанасы Ташкентте Орталық Азия теміржол колледжін ашты.
Орталық Азия теміржол колледжінің құрылуы Орталық Азияның кіндігі арқылы өтетін маңызды Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолынан бастау алады. «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы маңызды жоба ретінде теміржол 2031 жылға қарай толығымен аяқталады деп күтілуде. Нысан іске қосылғанда Қытайдан Еуропа мен Орта Шығысқа жүк тасымалдау қашықтығы шамамен 900 шақырымға қысқарады. Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан теміржолын салумен қатар, Өзбекстанның ішкі теміржол желісін жаңғырту жұмыстары қатар жүріп жатқандықтан, жол құрылысы және теміржолды басқару салаларында жергілікті техникалық мамандардың тапшылығы туындады.
Шэньси теміржол институтының басшысы Цзяо Шэнцзюнь колледж қытайлық оқыту стандарттарын Өзбекстанның білім беру ресурстарымен біріктіруді жоспарлағандарын айтты. Яғни жергілікті оқу бағдарламалары мен оқулықтарды бірлесіп әзірлеуді, мұғалімдерді оқытудың ортақ бағдарламаларын қолдануды және Өзбекстан үшін пойыздарды басқару, техникалық қызмет көрсету, диспетчерлік және дабыл беру сияқты санаттағы мамандарды мақсатты оқытуды көздеп отырғандарын жеткізді.
Фото:Шэньси теміржол институты
people.cn © People's Daily Online



