Қытайдың электр энергиясын өндіру қондырғыларының қуаты тарихи түрде 4 миллиард кВт-тан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 8 шілде

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Осы жылдың мамыр айының соңына қарай Қытайдың жиынтық электр энергиясын өндіру қондырғыларының қуаты 4,01 миллиард кВт-қа жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға өсті. Бұл көрсеткіш бойынша Қытай әлемде тұрақты түрде бірінші орында тұр.

Қазіргі уақытта әлемдегі күн панельдерінің шамамен 80%-ы және жел электр жабдықтарының 60%-ы Қытайда өндіріледі. Аса жоғары вольтты электр тасымалдау және жаңа типті энергия сақтау құрылыстары жаңадан іске қосылған электр генераторларының уақытылы өндіріске енуін және электр энергиясын тұтынушыларға тұрақты жеткізуді қамтамасыз етуде.

Энергия жеткізудің тұрақтылығының арқасында Қытай экономикасының негізі берік сақталып отыр. Астық саласында: жаздық бидайды жинау жұмыстары 96%-дан асты. Өнеркәсіп саласында: мамыр айында ірі өндірістік жабдықтарды жасау өнеркәсібінің қосылған құны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсіп, жалпы өсімге қосқан үлесі 78%-дан асты. Жұмыспен қамту саласында: мамыр айында ел бойынша қалалық аумақтардағы жұмыссыздық деңгейі 5,1%-ға дейін төмендеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото