- Барлық ақпарат
Шыңжаңда үстіміздегі жылдың бірінші жартысында шекарадан 2,4 миллионнан астам адам өткен

8 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 7 шілде күні тілші Шыңжаң шығу-кіру шекаралық инспекциясының бас станциясынан 2026 жылдың алғашқы жарты жылында Шыңжаңның ашық порттарындағы жолаушылар мен жүк тасымалының көлемі тұрақты түрде өскенін білді. Жалпы алғанда, 2,408 миллион жолаушы кіріп-шығып, сәйкес мезгілмен салыстырғанда көрсеткіш 33,2%-ға ұлғайған. Сөйтіп, 2 миллион жол жүру межесіне 2025 жылмен салыстырғанда 39 күн бұрын қол жеткізілген.
Деректер көрсеткендей, алғашқы жарты жылда Шыңжаңның шекаралық тексеру пункттері 1,228 миллион шетелге шығушыны өткізіп, 1,18 миллион елге кірушіні тіркеген. Бұл өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда сәйкесінше 34,8% және 31,6% өсімді көрсетеді. Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жолаушылар ағынының негізгі орталығына айналды. Мұнда 3,757 миллион кіру және шығу көрсеткіші тіркелді. Сонымен қатар, Хунжераб шекарасының халықаралық деңгейі артып, Корея Республикасы, Польша және Францияны қоса алғанда, 42 ел мен аймақтан келетін және шығатын туристер осы өткел арқылы өткен.

people.cn © People's Daily Online



