Астанада «Сәлем, Қытай!» туризмді насихаттау іс-шарасы өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 шілде

9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 8 шілде күні Қазақстан елордасы Астанада «Сәлем, Қытай!» туризмді насихаттау іс-шарасы өтті. Қазақстандағы Қытай елшілігінің Кеңесші-министрі Чэн Кэфань және Қазақстан «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының туризм департаментінің директоры Дәмиля Құнанова іс-шараға қатысып, сөз сөйледі. Жиынға Қытай мен Қазақстаннан келген туристік сала мамандары, авиация компанияларының өкілдері және БАҚ өкілдерінен 70-ке тарта адам қатысты.

Туризм ресурстарын таныстыру, авиация өнімдерімен таныстыру және бизнес арасындағы (B2B) әңгімелесу арқылы іс-шара қазақстандық туризм индустриясына Қытайдың туристік нарығы мен ішкі туризм өнімдерін тереңірек түсінуге көмектесті. Қытайдың авиациялық компаниялары мен әртүрлі аймақтардан келген туристік агенттіктер өздерінің ұшу желілері мен тамаша саяхат маршруттарын көрсетті.

Іс-шара барысында Ганьсу өлкесінің Цзяюгуань қаласының туризм қауымдастығы Қазақстанның Еуразиялық туризм қауымдастығымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ іс-шара барысында «Әдемі Қытай» туристік фотокөрмесі өтті.

Жиынды Қазақстандағы Қытай елшілігі басқарды және Астанадағы Қытай мәдениет орталығы мен Қазақстанның Еуразиялық туризм қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото