Бейжің қаласының Бэйхай саябағындағы лотостар толық гүлдеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 шілде

9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Бейжің қаласының Бэйхай саябағындағы лотос гүлдері толық бүр жарып, гүлдерді тамашалау маусымын бастады. Нәзік толқын тербеген көл бетінде лотос гүлдері жарыса ашылып, көркем көрініс қалыптастырды.

Бұнда Бэйхай саябағының 30-ыншы лотос көрмесі ашылды. Саябақта 2000-нан астам лотос гүлдері, су лала гүлдері, тостағанша лотостар, су өсімдіктері тобы және маусымдық гүлдер бар. Көрме қала тұрғындары мен туристерді лотос гүлінің сұлулығын жақыннан көруге шақырды.

Көрме 26 шілдеге дейін жалғасады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото