Қытай «Туризмді дамытудың «15-інші бесжылдық» жоспарын» жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 шілде

9 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Қытайдың Мәдениет және туризм министрлігі «Туризмді дамытудың «15-інші бесжылдық» жоспарын» ресми түрде жариялады. Жоспарда 2030 жылға қарай ішкі туристер саны 8,3 миллиард адамға жетіп, жалпы туристік шығын көлемі 7,7 триллион юаньды құрайтыны белгіленген. Елге кіру туризмі бойынша туристер саны 190 миллион адамға жетіп, олардың туристік шығыны 150 миллиард АҚШ долларынан асады деп күтілуде.

190 миллион адамдық кіру туризмі - нарық тарапынан ең нақты өсу сигналы ретінде қарастырылуда. Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туризм ұйымының сарапшысы Цзя Юньфэннің айтуынша, «2025 жылғы 154 миллион адамдық көрсеткішті негізге алсақ, алдағы бес жылда жыл сайын елге кіретін туристер санын шамамен 8 миллион адамға арттыру қажет». Бұл көрсеткіштің астарында әуе рейстерін көбейту, тұрғылықты жерлерді ұлғайту, көптілді қызмет көрсетуді жақсарту, салықсыз сауданы кеңейту сияқты нақты инвестициялық мүмкіндіктер тұр.

Жоспарда 2030 жылға қарай туризмнің жоғары сапалы дамуы айтарлықтай нәтиже беріп, заманауи туризм индустриясы жүйесі одан әрі жетілдірілетіні анық көрсетілген. Сондай-ақ Жоспарда туристік кеңістіктік орналасуын жоспарлау және оңтайландыру, жоғары сапалы туристік ұсыныстарды молайту, туризмнің тұтыну әлеуетін ашу, туристік қоғамдық қызмет көрсетуді жетілдіру, сыртқы туристік алмасу мен ынтымақтастықты күшейту сияқты негізгі міндеттер нақтыланған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото