Қытай компаниясы Қазақстаннан шамамен 890 миллион юань ақылды газ есептегіштерге тапсырыс алды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 тамыз

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың интернет заттар (IoT) компаниясы «Goldcard Smart Group» компаниясының шетелдегі еншілес кәсіпорны – ТОО «Goldcard Smart Group Kazakhstan» (бұдан әрі – «Goldcard Қазақстан») Қазақстанның цифрландыру саласындағы сервистік компаниясы ТОО «BTS Digital» (бұдан әрі – «BTS Digital») компаниясымен ақылды газ есептегіштерін жеткізуге шарт жасасқанын мәлімдеді. Шарттың жалпы сомасы (қоса алғанда салық) 6 207 508,81 миллион теңгені құрайды (бұл шамамен 890 миллион юаньға балама).

Айта кету керек, тараптар арасында тұрақты ынтымақтастық негізі қалыптасқан. 2026 жылғы наурызда «Goldcard Қазақстан» «BTS Digital» компаниясымен ақылды газ есептегіштері мен ақылды интернет заттар жүйесі платформасын сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын, оның сомасы 31 833 806 500 теңгені (шамамен 447 миллион юань) құраған еді. Жарты жыл өте 900 миллион юаньға жуық ірі тапсырыстың тағы да жасалуы шетелдік клиенттің компанияның ақылды есептеу жабдықтарына, газ саласындағы цифрлық кешенді шешімдеріне және жергілікті деңгейде қызмет көрсету мүмкіндігіне деген жоғары сенімін көрсетеді. Бұл сонымен бірге компанияның бұрын жүзеге асырған жергілікті нарықтағы тәуелсіз жұмыс істеу стратегиясының нәтижелерінің жалғасы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото