Қытайдағы маньжур жолбарыстары мен қабыландарының жабайы популяциясы екі есеге көбейді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 30 шілде

30 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- 29 шілде — 16-ыншы Дүниежүзілік жолбарыстар күні. Ұлттық орман шаруашылығы және жайылым басқармасының мәліметтері бойынша, Қытайдағы маньжур жолбарыстары мен қабыландарының жабайы популяциясы соңғы онжылдықта біртіндеп қалпына келуде. Қытайдың солтүстік-шығысындағы жолбарыстар мен қабыландар ұлттық саябағында жабайы маньжур жолбарыстарының саны 2017 жылғы 27-ден 72-ге дейін өскен. Ал жабайы маньжур қабыландарының саны 42-ден 115-ке дейін ұлғайып, саны екі есеге көбейген. Көрсеткіш осы негізгі түрлерді сақтаудағы маңызды жетістік.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото