Сицзанның Цянтан өңірінде сицзан бөкендері төлдерімен өзеннен өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 шілде

21 шілде, онлайн «Халық Газеті» -- Сэньлун Цзанбу өзені Сицзан автономиялық регионының Наку қаласындағы Цянтан ұлттық табиғи қорығының кіндігінде ағып жатыр. Жыл сайын шілде айында жүз шақырымнан астам қашықтықта орналасқан аймақта туған сицзан бөкендерінің жас төлдері енелерімен бірге осы өзеннен өтіп, қоныс тебетін мекендеріне кетеді. Жануарлардың шоғырланып, ретімен өзеннен өткен көрінісі аса айбынды.

Цянтан ұлттық табиғи қорығы қызметкерлерінің айтуынша, межеге сәйкес соңғы 3 жылда өзеннен өтетін сицзан бөкендерінің саны жыл сайын 150 000-нан асады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото