- Барлық ақпарат
Ханьдань, Хэбэй: адам тәрізді робот-жол полициясы
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 5 тамыз

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Хэбэй өлкесінің Ханьдань қаласының көшелерінде адам тәрізді жол қозғалысын басқару роботы қызметке шықты. Бұл робот бағдаршамдармен үйлесіп, жол полициясының қимылдарын еліктеу арқылы көлік ағынын реттей алады. Робот жаяу жүргіншілер мен велосипед мінгендердің жол қозғалысы ережелерін бұзу әрекеттерін автоматты түрде анықтап, дыбыстық ескерту жасай алады. Сонымен қатар, қытай және ағылшын тілдерінде жол сұрауға жауап бере алады, кеудесіндегі экран арқылы жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы білімдер мен ескерту мысалдарын көрсетіп, жол ережелерін насихаттай алады.


(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



