- Барлық ақпарат
Қытай-Өзбекстан AEO өзара тану келісімі күшіне енді

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» --2026 жылғы 1 тамызда Қытай мен Өзбекстан кеден органдары арасындағы «Уәкілетті оператор» (AEO) өзара тану келісімі ресми түрде күшіне енді. Осының арқасында екі ел арасындағы сауданы жеңілдету деңгейі одан әрі артады. Қытай кедені Өзбекстан кеденінің AEO саласындағы алғашқы өзара тану серіктесі. Кеден статистикасына сәйкес, биылдың қаңтар-маусым айларында Қытай мен Өзбекстан арасындағы екіжақты сауда көлемі 64,77 миллиард юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,2%-ға өсті. Оның ішінде, Қытайдың 751 жоғары деңгейлі уәкілетті кәсіпорны Өзбекстанға 13,05 миллиард юань көлемінде тауар экспорттап, импорттады, бұл екіжақты сауда айналымының шамамен 20,2%-ын құрайды. Қытай Өзбекстанның ең ірі сауда серіктесі және негізгі шетелдік инвестиция көзі болып қала береді.
AEO өзара тану келісімі күшіне енгеннен кейін, Қытай және Өзбекстан кеден органдары импорттық тауарларды кедендік ресімдеу кезінде өзара танылған AEO кәсіпорындарына мынадай бірқатар жеңілдіктер ұсынады:
- Импорттық тауарларды тексеру жиілігін төмендету;
- Тауарларды нақты тексеру қажет болған жағдайда, тексеруді кезектен тыс жүргізу;
- Кедендік рәсімдеу барысында туындаған мәселелерді шешу үшін арнайы байланыс үйлестірушісін тағайындау;
- Халықаралық сауда үзілген немесе қайта жанданған жағдайда, кезектен тыс кедендік рәсімдеуге басымдық беру.
people.cn © People's Daily Online



