- Барлық ақпарат
Алғашқы жарты жылда қызмет көрсету экспорты сәйкес уақытпен салыстырғанда 17,6%-ға өсті

5 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 4 тамыз күні Сауда министрлігі Қытайдың қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі 2026 жылдың қаңтарынан маусымына дейін 3,779,75 триллион юаньға жеткенін, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,3%-ға өскенін хабарлады. Осы жалпы көлемнің ішінде экспорт 1,504,7 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 17,6%-ға өскен. Ал импорт 2,275,5 триллион юаньға жетіп, сәйкес уақытпен салыстырғанда 2,9%-ға өскен.
Білімді көп қажет ететін қызмет көрсету экспорты жалпы көлемнің жартысынан астамын құрады. Қаңтар-маусым айларында білімді көп қажет ететін қызметтердің импорты мен экспортының жалпы көлемі 1,6634 триллион юаньға жетіп, бұл 6,7%-ға артып, қызмет көрсету саудасының жалпы көлемінің 44%-ын құрады. Білімді көп қажет ететін қызметтердің экспорты 805,67 миллиард юаньды құрап, 12,8%-ға өскен, ал импорт 857,73 миллиард юаньды құрап, 1,4%-ға өскен.
Саяхат қызметтерінің экспорты мен көлік қызметтерінің импорты тез өсті. Қаңтар-маусым айларында саяхат қызметтерінің экспорты 229,2 миллиард юаньға жетіп, 31,1%-ға өскен. Бұл қызмет көрсету экспорты 5 саласының ішіндегі ең жылдам өсу қарқынын көрсетеді. Көлік қызметтерінің импорты 498,1 миллиард юаньды құрап, 30,4%-ға өскен. Ол қызмет көрсету импорты 5 саласының ішіндегі ең жылдам өсу қарқынын иелейді.



people.cn © People's Daily Online



