ШЫҰ-ның «Тяньшань-2026» бірлескен кибертерроризмге қарсы жаттығуы Шыңжаңда өтті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 23 шілде күні Шыңжаңның Үрімжі қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттердің құзыретті органдарының қатысуымен «Тяньшань-2026» бірлескен кибертерроризмге қарсы жаттығуы өтті. Жаттығуға ұйымға мүше мемлекеттердің делегациялары қатысты, ал ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы органының атқарушы комитеті тиісті көмек көрсетті.

Жаттығу терроризмнің жаңадан пайда болып келе жатқан жаһандануы, киберкеңістікке тәуелділігі және ақылды технологияларды пайдалануға бағытталғаны сынды сипаттамаларына бағытталған. Онда «үш түрлі күш» интернетті бүлушілік әрекеттерді жүзеге асыру үшін қалай пайдаланатыны туралы нақты сценарийлер көрсетілген. Модельдеулерге мәлім халықаралық террористік ұйымның терроризм, сепаратизм және экстремизм идеологияларын тарату үшін интернетті пайдалануы, сондай-ақ ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерде жасырын түрде адамдарды тарту және террористік шабуылдар жасау кірді. Қатысушы тараптар киберқауіптерді жедел анықтау және күдіктілерді белгілеу үшін сәйкесіп жұмыс істеп, жергілікті жерде бір жайлы ету және тұтқындау операцияларын тиімді жүргізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото