Юньнаньға жазда салқындау үшін келетін шетелдіктер көбейді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жаз басталғаннан бері Юньнань салқын таулы климаты мен визасыз кіру саясатының арқасында ыстықтан тасалап, ұзақ уақыт демалғысы келетін шетелдік туристер үшін танымал бағытқа айналды. Соңғы деректер көрсеткендей 1 тамыздағы жағдай бойынша, биыл Юньнаньға шетелден келген саяхатшылардың жалпы саны 990 000-нан асты. Тек шілде айының өзінде Куньмин кіру порты 81 000 шетелдік саяхатшыны қабылдаған. Олардың жартысынан көбі ыстықтан қорғанып, осында ат басын бұрғандар.

Куньмин шығу-кіру шекаралық тексеру станциясының мәліметтері бойынша, солтүстік жарты шардағы көптеген аймақтарда биыл жазда қатты ыстық болды. Юньнань өлкесі өзінің қоңыржай, жанға жайлы климаты мен бай мәдени және туристік ресурстарының арқасында салқын жерде демалғысы келетін туристерді баурады. Жазғы саяхат қарбаласы басталғаннан бері шетелдік туристердің 56,2%-ы Қытайға арнайы саяхаттап, аптап ыстықтан тасалану үшін келді. Бұл бұрынғы іссапармен келушілер басым болатын үрдісті өзгертті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото