Еліміздің 17-санаттағы тайфундарға төтеп бере алатын алғашқы теңіздегі жүзбелі жел платформасы ресми түрде жұмыс істей бастады

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 7 тамыз

7 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 6 тамыз күні CNOOC Қытайдың алғашқы тәуелсіз жобалап, салған 16 мегаватт кернеулі тіректі терең теңіздегі жүзбелі жел платформасы «Хайю Аньлань» Луфэн мұнай кен орнының электр желісіне сәтті қосылып, тікелей жасыл электр қуатын бере бастағанын хабарлады.

136 метр терең суға орнатылған «Хайю Аньланьды» 17-санаттағы тайфун сынды экстремалды жағдайларға төтеп бере алатындай етіп жобалап, салған. Ол 110 қабатты ғимараттың биіктігімен бірдей, салмағы 7800 тонна және жел өткізу ауданы 7,5 стандартты футбол алаңына тең.

Платформа Луфэн мұнай кен орнының электр желісіне суасты кабельдері арқылы қосылады, іске қосылғаннан кейін, жылына 54 миллион киловатт-сағат жасыл электр энергиясын өндіреді деп күтілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото