2026 жылдың бірінші жартысында тұрғындардың ішкі саяхаты сәйкес уақытпен салыстырғанда 5,4%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Мәдениет және туризм министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, ішкі саяхаттардың іріктемелік сауалнамасына негізделген деректер бойынша 2026 жылдың бірінші жартысында елдегі тұрғындар 3,463 миллиард сапар жасаған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 178 миллион сапарға көп болып, 5,4%-ға өскен.

Туризмге жұмсалатын шығындарға келсек, тұрғындардың ішкі саяхатқа жұмсаған жалпы шығындары 2026 жылдың бірінші жартысында 3,21 триллион юаньға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,06 триллион юань көп болып, 2% артқан.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото