Қашқар-Хожант халықаралық жолаушылар бағытында ұшу жиілігі артты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қашқар авиация порты басқармасының мәліметі бойынша, Қытайдың Шыңжаңындағы Қашқар қаласы мен Тәжікстанның Хожант қалаларын байланыстыратын халықаралық жолаушылар бағыты 8 тамыздан бастап ұшу жиілігін аптасына 1 реттен 2 ретке арттырды. Бұл биыл Қашқар ұшу жиілігін кеңейткен екінші халықаралық жолаушылар бағыты.

Chengdu Airlines компаниясы басқаратын бағыт 2024 жылдың 7 маусымында іске қосылды. Бұл әуе компаниясының Орталық Азиядағы отандық C909 ұшағын пайдаланатын алғашқы бағыты және Шыңжаңдағы отандық азаматтық ұшақпен қызмет көрсететін бірінші халықаралық жолаушылар рейсі.

Жыл басынан бері Қашқар халықаралық бағыт желісін ұлғайтып, аймақтық авиация хабы ретіндегі қызметін жалғастыруда. Қазіргі уақытта Қашқар Лайнин халықаралық әуежайы Тәжікстан, Қырғызстан және Пәкістан сияқты көршілес елдерге тұрақты жолаушылар рейстерін ұсынуда.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото