Биыл жеті айда Қытайдың тауар саудасы 17,3%-ға артты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 10 тамыз

10 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Кеден статистикасы бойынша, биылдың алғашқы жеті айында Қытайдың тауар саудасының импорт-экспортының жалпы көлемі 30,13 триллион юаньға жетіп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 17,3%-ға өскен. Оның ішінде, экспорт 17,44 триллион юань болып, 14%-ға өсті; импорт 12,69 триллион юань болып, 22%-ға өсті.

Сауда әріптестеріне келетін болсақ, биылдың алғашқы жеті айында Қытайдың АСЕАН-мен саудасының жалпы көлемі 5,14 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 20%-ға өскен; Қытайдың ЕО-мен саудасының жалпы көлемі 3,67 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өскен. Осы кезеңде «Бір белдеу, бір жол» бірлескен құрылысына қатысушы елдермен импорт-экспорт жиынтығы 15,36 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 15,5%-ға өскен.

Сыртқы сауда субъектілеріне келетін болсақ, биылдың 7 айында жеке кәсіпорындардың импорт-экспорты 17,16 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 17,2%-ға өскен; шетелдік инвестициясы бар кәсіпорындардың импорт-экспорты 8,78 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 17,6%-ға өскен.

Негізгі тауарларға келетін болсақ, экспорт бойынша, биылдың 7 айында Қытайдың машина және жабдық өнімдерінің экспорты 11,12 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 21,2%-ға өскен; еңбекті көп қажет ететін өнімдер 2,37 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға кеміген; ауыл шаруашылық өнімдері 429,69 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 3,7%-ға өскен. Импорт тұрғысынан, биылдың 7 айында еліміздің машина және жабдық өнімдерінің импорты 5,31 триллион юаньды құрап, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға өскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото