Юньнань өлкесінің Лицзян қаласында күзгі лотос жарыса гүл ашты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 18 тамыз
Юньнань өлкесінің Лицзян қаласында күзгі лотос жарыса гүл ашты

18 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Күздің басында Юньнань өлкесінің Лицзян қаласына қарасты Юньшэн ауданы Цуйху ауылында мыңдаған му жерді алып жатқан лотос тоғандарында лотостар жайқалды. Байтақ алапты көмкерген лотос жапырағы ерекше көз тартып, қызғылт, аппақ лотостар жарыса гүл ашуда. Тоғандар толы тығыз өскен лотос гүлдері атырапқа жемісті күздің көрінісін сыйлайды. Балықшы құс, аққұтан, бал арасы, инеліктер лотос жапырақтары арасынан әрі-бері ұшып-қонып, ауыл көркін арттырды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото