Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастық орталығына кіріп-шыққандар саны биыл 5 миллионнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 19 тамыз

19 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Туристік маусым қызған уақытта Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастық орталығында шекаралық сапар, траншекаралық саяхат және сауда туризмі ел іші-сыртынан көптеген туристерді баурап, күнделікті келушілер саны 30 мыңнан асты. Қорғас кіріп-шығу шекара тексеру пунктінің статистикасы бойынша, 13 тамызға дейін Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекара ынтымақтастық орталығына келушілердің биылғы жалпы саны 5 миллионнан асып, 5,12 миллионға жетті.

Келушілер легінің артуына байланысты ынтымақтастық орталығының бірлескен тексеру залында 32 арнайы қызметкерлер тексеретін жол мен 22 экспресс тексеру жолы толығымен ашылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото