- Барлық ақпарат
Ляонин педагогикалық университетінің Өзбекстандағы филиалы ашылды

20 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ляонин педагогикалық университетінің Өзбекстандағы филиалы 17 тамыз күні Өзбекстанның Хорезм облысының Хиуа қаласында ресми түрде ашылды. Сол күні Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев университеттің бөлімшесіне барып, оқу орнымен танысты.
Бұл филиалды Ляонин педагогикалық университеті, Өзбекстанның Жоғары білім, ғылым және инновация министрлігі және Үргеніш мемлекеттік университеті бірлесіп құрды. Ол 8830 шаршы метр аумақты алып жатыр, 2000 студентті орналастыруға арналған.
Өзбекстан президенті ресми сайтының хабарлауынша, филиал алғашқы кезеңде халықаралық қытай тілін оқыту, туризм менеджменті, халықаралық бизнес және жасанды интеллект сынды 4 бакалавриат мамандығын ашты. Болашақта жоғары оқу орнынан кейінгі білімді біртіндеп енгізу жоспарланып отыр. 2026 жылы 160 бакалавриат студентін қабылдамақ.

people.cn © People's Daily Online



