Қырғызстан мен Вьетнам азаматтары 240 сағаттық визасыз транзитпен Қытайға кіре алатын болды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 тамыз

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Ұлттық иммиграция әкімшілігінің мәліметтері бойынша, 2026 жылдың 20 тамызынан бастап Қырғызстан мен Вьетнам азаматтары Қытайға сапар шеккен кезде 240 сағаттық визасыз транзит және Хайнаньға 30 күндік визасыз кіру режимін пайдалана алады. Сонымен 240 сағаттық визасыз транзиттік саясатты қолданатын елдердің саны 57-ге жетті, ал Хайнаньға 30 күндік визасыз кіру саясатымен келетін елдердің қатары 61-ге жетті.

Қарапайым төлқұжаттары, белгіленген күндері мен маршруттары анық ұласпалы авиабилеттері бар Қырғызстан мен Вьетнам азаматтары Қытай арқылы үшінші елге немесе аймаққа саяхаттайтын болса, Бейжің, Шанхай сынды Қытайдың 65 ашық кіру порты арқылы визасыз кіре алады және белгіленген аймақтарда 240 сағатқа дейін визасыз бола алады. Сонымен қатар қарапайым төлқұжаттары бар осы 2 елдің азаматтары Хайнань өлкесінің ашық кіру порттары арқылы кіріп, өлкенің әкімшілік аймағында 30 күнге дейін визасыз жүре алады. Осы 2 визасыз режимнің талаптарына сәйкес, Қытайда болу кезеңінде азаматтар саяхат, бизнес, сапарлау, туысшылау сынды қысқа мерзімді қызметпен айналыса алады. Ал жұмысқа орналасу, оқу немесе журналистік қызметпен айналысу сияқты алдын ала рұқсатты талап ететін мақсаттар үшін Қытайға сапар шегер алдында визаға өтініш етуі керек.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото