- Барлық ақпарат
Алғашқы 7 айда Шыңжаңның импорты мен экспортының жалпы құны 335,2 миллиард юаньнан асты

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Үрімжі кеденінің статистикасына сәйкес, Шыңжаңның импорт және экспортының жалпы құны жылдың алғашқы 7 айында 335,22 миллиард юаньға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 4,4%-ға өскен. Тек шілде айының өзінде импорт және экспорт құны 68,68 миллиард юаньды құрап, өткен жылдың сәйкес уақытымен салыстырғанда 70,4%-ға артты.
Алғашқы 7 айда Шыңжаңның «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құратын елдерімен саудасы 292,36 миллиард юаньды құрады, бұл сәйкес уақытпен салыстырғанда 6,6%-ға өсіп, аймақтың жалпы сауда көлемінің 87,2%-ын иеледі. Орталық Азияның бес елімен импорт, экспорт сауда құны 148,07 миллиард юаньға жетіп, айлық сауда көрсеткіштері 4 ай бойы артып отырды. Сонымен қатар АСЕАН және Африкамен импорт және экспорт сәйкес мезгілмен салыстырғанда сәйкесінше 44,3% және 112,3%-ға өсті.

people.cn © People's Daily Online



