- Барлық ақпарат
Шанхай кедені «Теңіз-теміржол интермодальды тасымалының» жаңа моделін іске қосты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 тамыз

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында экспортталатын киім-кешек пен шағын тұрмыстық техника тиелген контейнерлер Гуанчжоудан жүк пойызы арқылы Шанхайдағы Лучао портының теміржол контейнер орталығы станциясына жетті. Содан кейін тауарлар жүк автомобиль көлігіне ауыстырылып, Вайгаоцяо порты аймағының терминалына жеткізіліп, кемеге тиеледі. Бұл Шанхай кеденінің «теңіз-теміржол интермодальды тасымалы» үшін жаңа реттеу моделінің сәтті енгізілгенін білдіреді. Гуанчжоудан Вайгаоцяо порты аймағына келген, экспортқа арналған бұл жүк ішкі логистикалық шығындарын шамамен 10%-дан 15%-ға дейін төмендетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



