Цзянсудың орнатылған фотоэлектрлік қуаты 100 миллион киловаттан асты

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 тамыз

21 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Мемлекеттік электр желісі Цзянсу электр қуаты компаниясының соңғы статистикалық деректері бойынша, 2026 жылдың шілде айының соңында Цзянсу өлкесіндегі фотоэлектрлік қуат өндірудің жиынтық орнатылған қуаты 100 миллион киловаттан асып, 100,08 миллион киловаттқа жеткен. Бұл өлкенің жалпы орнатылған электр қуатының 38%-дан астамын құрап, көмір, газ және жел энергиясынан асып түсіп, өлкенің ең ірі энергия көзіне айналды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото