- Барлық ақпарат
Гуманоидты робот 100 және 400 метрлік жүгіруден адамзаттың әлемдік рекордын жаңартты
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 24 тамыз

24 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Екінші Дүниежүзілік гуманоидты робот ойындары 22-26 тамыз аралығында Бейжіңдегі Ұлттық коньки тебу сарайында өтті. 22 тамыз күні кеште Tianzhuo командасы 100 метрлік ірі робот санатының алдын ала іріктеу кезеңінде 9,39 секунд нәтижемен, 100 метрлік жүгіруден адамзаттың әлемдік рекордынан асып түсті. 23 тамызда Tiangong командасы 400 метрлік ірі робот санатының финалын 38,15 секундта аяқтады, бұл ерлер арасындағы 400 метрлік жарыстағы адамзаттың әлемдік рекордынан асты.
Мәліметтерге сәйкес, іс-шараға 6 құрлықтан 666 команда мен 2056 робот қатысты. Қатысушы командалар саны бірнші кезекті ойындармен салыстырғанда 138%-ға өсіп, ал роботтар саны 4 есеге артты.






(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



