- Барлық ақпарат
Сыртқы істер министрлігі: Қытай Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтайды

25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Линь Цзянь 24 тамыз күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында 23 тамызда өткен ҚР бір палаталы парламент - Құрылтайының алғашқы сайлауына қатысты сұраққа жауап беріп, Қытай Қазақстанды Құрылтай сайлауының сәтті өтуімен құттықтайтынын мәлімдеді.
«Жақсы дос, тату көрші және тұрақты жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай Қазақстанның тәуелсіз және ұлттық жағдайына сәйкес келетін даму жолын ұстануын қолдайды. Біз Қазақстанның баянды тыныштығына, экономикасы дамып, өркендей беруіне тілекшіміз. Қазақстанның мемлекеттік құрылыс істерінде жаңа және тіпті де үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз»-, деді Линь Цзянь.
Линь Цзянь Қытайдың Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға үлкен мән беретінін және екі мемлекет басшысы қол жеткізген маңызды консенсусты жүзеге асыру, жан-жақты өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдету және Қытай-Қазақстан қарым-қатынасын үнемі жаңа биіктерге көтеру үшін қазақстандық тараппен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
people.cn © People's Daily Online



