Шекарааралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң жобасы Мемлекеттік Халық құрылтайы тұрақты комитетіне алғаш талқылауға ұсынылды

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 25 тамыз

25 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- Шекарааралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң жобасы 25 тамыз күні Мемлекеттік XIV Халық құрылтайы тұрақты комитетінің жиырма төртінші сессиясына алғаш талқылау үшін ұсынылды. 6 тарау мен 47 баптан тұратын жоба негізінен еліміздің шекарааралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың қағидаттарын, көлемін және ұстанымын анықтау; шекарааралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстың тетіктері мен жауапкершіліктерін нақтылау; істерді қарауды және халықаралық ынтымақтастықты нығайту; кәсіпорындардың адалдық пен толымдылық міндеттемелерін нақтылау және заңды жауапкершіліктерді белгілеуді қамтиды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото