- Барлық ақпарат
Еліміздегі ең үлкен диаметрлі су асты қалқанды туннель көлік қозғалысына ашылды (2)
26 тамыз, онлайн «Халық Газеті» -- 25 тамыз күні Цзинань қалалық құрылыс тобының инвестициясымен салынған және «Қытай теміржолы 14-бюро» тобы жұмысын атқарған Цзинань Хуанган жолы Сары өзен (Хуанхэ)туннелі көлік қозғалысына ашылды. Бұл еліміздегі ең үлкен диаметрлі су асты қалқанды туннельдің ресми түрде пайдалануға берілуін білдіреді. Жалпы ұзындығы шамамен 5,75 шақырымды, қалқанды бөлігі шамамен 3,3 шақырымды құрайтын туннельді қазу диаметрі 17,5 метр болатын «Шаньхэ» қалқан машинасымен қазған. Ол жоғарғы және төменгі деңгейлерде барлығы 6 көлік жолағын қамтитын, жобаланған жылдамдығы сағатына 60 км болатын бір ұңғылы, қос қабатты құрылымда салынған. Бұл Қытайдағы Сары өзеннің астынан өту кезінде бір ұңғылы, қос қабатты дизайнмен жасалған алғашқы қалқанды туннель.
people.cn © People's Daily Online




