Сицзанның Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан 21 адам қаза тауып, 541 адам хабар-ошарсыз кетті (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 3 қыркүйек
Сицзанның Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан 21 адам қаза тауып, 541 адам хабар-ошарсыз кетті

3 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Қытайдың Сицзан автономиялық регионы үкіметінің ақпарат кеңсесі 2 қыркүйекте өткізген баспасөз мәслихатында сол күні сағат 12:00-дегі жағдай бойынша Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан 21 адам қаза тауып, 541 адам із-түзсіз жоғалып кеткені, 847 жеке заттың табылғаны хабарланды.

Сицзан әртүрлі салада құтқару күштерін ұйымдастырып, іздеу-құтқару әрекеттерін, жолдарды тазартуды, аппаттан кейінгі орналастыруды және тәуекелдердің алдын алу шараларын бір мезгілде жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта құтқару және төтенше жағдайларға орай жұмыстар белсенді, қарқынды, ретті және тиімді жүргізілуде.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото