Сицзанның Гьиронг/Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне орала бастады (3)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қыркүйек
Сицзанның Гьиронг/Цзилун ауданындағы лай көшкіні салдарынан эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне орала бастады

9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 26 тамызда Сицзанның Шигадзе қаласы Гьиронг/Цзилун портында шекараның Непал жағындағы лай көшкіні салдарынан көптеген адамдар жарақат алып, қаза тауып, із-түзсіз жоғалып кетті. Апат сонымен қатар тосқауыл көлін қалыптастырып, жақын маңдағы ауыл тұрғындарының өмірі мен амандығына үлкен қауіп төндірді. Екінші реттік апаттардың қаупін азайту үшін жергілікті билік органдары осы арадағы 499 тұрғынды Гьиронг/Цзилун ауылындағы орталықтандырылған орналастыру орнына шұғыл түрде эвакуациялады.

Оқиғадан кейін жергілікті билік органдары сарапшыларды үздіксіз ұйымдастырып, ықтимал қауіптерді тексеріп, гидрологиялық жағдайларды қадағалап және екінші реттік апаттардың қаупін динамикалық бақылады. Қазіргі уақытта Гьиронг/Цзилун портының негізгі аймағының жоғарғы жағындағы тосқауыл көлінің суын толығымен ағызды, өзен арнасы қалыпты ағынға оралды және тосқауыл көлінен туындайтын қауіп негізінен жойылды. Бұл тұрғындардың үйлеріне оралуы үшін қажетті жағдайлар әзірледі.

Тұрғындардың қауіпсіз және кедергісіз оралуын қамтамасыз ету үшін жергілікті билік көлік құралдарын үйлестіріп, ал қызметкерлер үй бас сайын тұрғындардың ақпаратын қадағалап, тұрғын үй қауіпсіздігін көзден кешіріп, жолдардың іркіліксіздігін тұрақтандырып, ауыл тұрғындарын ретпен үйлеріне қайтарып жатыр.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото