- Барлық ақпарат
Гуйчжоу өлкесі Кайли қаласы «Ауылдық сән сахнасындағы» этникалық эстетика (6)
9 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 5 қыркүйекте Гуйчжоудың Кайли қаласына қарасты мәдени саябақ алаңында Гуйчжоу «Ауылдық сән сахнасы» шарасы қызу басталды.
Гуйчжоу «Ауылдық сән сахнасының» толық атауы — «Гуйчжоудың көркем ауылдарының материалдық емес мәдени мұра этникалық киімдер көрмесі». Бұл сән сахнасы жергілікті этникалық азшылықтардың дәстүрлі ұлттық киімдерін ғана емес, сонымен қатар азық-түлік, Лушэн биі және ауылшаруашылық құралдарын да көрсетеді. Бүгінгі күнге дейін аталмыш шарада 350-ден астам шығарылымның 1180-ге жуық сән сахнасы көрсетілді. Бұл шараға 300-дей ауылдан, ел іші, сыртынан 90 мыңнан аса адам қатысып, 1 миллион туристі қызықтырды. Осы уақытқа дейін 56 ұлттың 300-ден астам дәстүрлі киімдері мен 4000-нан артық этникалық азшылықтардың ерекше туындылары көпшілікке ұсынылды.
people.cn © People's Daily Online




