Озық технологиялар терракоталық жауынгерлер мен жылқылар мүсіндерін сақтап, қалпына келтіруге көмектесуде (9)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қыркүйек
Озық технологиялар терракоталық жауынгерлер мен жылқылар мүсіндерін сақтап, қалпына келтіруге көмектесуде

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Сиань қаласындағы әлемге әйгілі терракоталық жауынгерлер мен жылқылар орналасқан археологиялық кешенде келушілер енді бұрын көре бермейтін жұмыстарды өз көздерімен көре алады. Яғни мұнда мамандардың 2000 жылдан астам тарихы бар терракоталық мүсіндерді қалпына келтіру процесін тамашалай алады.

2024 жылы терракоталық жауынгерлер мен жылқыларға қатысты археологиялық қазба жұмыстарының басталғанына 50 жыл толуына орай, Сианьдағы Цинь Шихуан император кесенесі мұражайында заманауи қорғау, қалпына келтіру зертханасы мен археологиялық алаң ресми түрде іске қосылды. Бұл жаңашылдық жауынгерлер мен жылқылардың мүсіндерін сақтаудың қазба жұмыстарынан бастап сақтауға дейінгі барлық кезеңдерін қамтитын біртұтас жұмыс циклін қалыптастырады.

Бұрын 2000 жылдан астам уақыт бойы жер астында жатқан жауынгерлер мен жылқылар мүсіндерінің боялған беткі қабаттары қазба жұмыстары кезінде қоршаған ортаның кенеттен өзгеруіне байланысты жиі бүрісіп, түсіп қалатын еді. Қазіргі таңда мұражай жәдігерлерді сақтаудың жаңа үлгісін енгізді. Қазба кезінде табылған боялған жауынгерлер мен жылқылар мүсіндері тікелей зертханаға жеткізіліп, онда азотпен толтырылған ортада ылғалдылықты сақтап, 3D бейнелеу және ультрадыбыстық тексеру сияқты дәлдікті талап ететін шаралар бір мезгілде жүргізіліп, жәдігерлердің зақымдану қаупі барынша азайтылады.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото