Сычуань өлкесі Хунъюань ауданында жайылымдық мал шаруашылығының жаңа дамуы ортақ талқыланды (7)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 11 қыркүйек
Сычуань өлкесі Хунъюань ауданында жайылымдық мал шаруашылығының жаңа дамуы ортақ талқыланды

11 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 1-3 қыркүйек аралығында жайылымдық мал шаруашылығын қайта құру және жаңғырту тақырыбындағы оқыту семинары Сычуань өлкесі Хунъюань ауданында өтті. Елдің түкпір-түкпірінен ауыл шаруашылығы, ауыл істері, орман және жайылым шаруашылығы салаларының 180-ден астам қызметкері, сондай-ақ мал шаруашылығы саласындағы жетекші техникалық мамандар Хунъюаньның байтақ сахарасына жиналып, нысандарды аралап, арнайы оқыту курсына қатысып, тәжірибе алмасып, жайылымдық мал шаруашылығын түрлендіру мен жаңартудың жолдары, үлгілерін бірлесіп талқылады. Осылайша, мамандар бүкіл ел бойынша мал шаруашылығымен айналысатын аймақтардың сапалы дамуына және жайылымдардың экологиялық жағдайын қорғау ісіне өз іс-тәжірибелері мен үлестерін қосты.

Таза мал шаруашылығы ауданы ретінде Хунъюань қазір стандартты мал өсіру, ауқымды көлемде шөп егу, цифрлық басқару сияқты шараларға сүйеніп, мал шаруашылығын дамытудың арқасында малшылардың табысын арттыруда.

Фото:Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото