Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласының күзгі көрінісі туристерді баурады (2)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 14 қыркүйек
Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласының күзгі көрінісі туристерді баурады

14 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Күз күндері Ішкі Моңғұлдың Ордос қаласындағы Кубучи шөлінде салқын самал жел есіп, жаздың шіліңгір ыстығының беті қайтты. Бұйраланған сары құм теңізі бір-біріне ұласып, кең-байтақ шөл даланың күзгі көркін ашты.

Өңірдің басты мәдени-туристік нысаны ретінде мемлекеттік 5A дәрежелі туристік көрініс аймағы болған Сяншаваньның құмы жұмсақ, таза. Осында көптеген туристер құмда жалаңаяқ жүріп, сырғанап, топтасып түйеге мініп, керуен қоңырауының үнімен құм жоталарында серуендеп, шөл даланың салт-санасын сезіне алады. Күн ұясына батар шақта құмды алқап алтын түске боялып, онда алау жағу кештері мен басқа да түнгі іс-шаралар ұйымдастырылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото