Сатылы егістіктер Цзыцюэцзенің күзіне көрік қосты (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 15 қыркүйек
Сатылы егістіктер Цзыцюэцзенің күзіне көрік қосты

15 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- Алтын күзде Хунань өлкесі Лоуди қаласы Цзыцюэцзедегі сатылы атыздардағы күріш біртіндеп пісе бастады. Қабат-қабат атыздар тау қойнауына сұғынып, ирелеңдеп, ауылдармен, жасыл таулармен жарасым тауып, тамаша көрініс қалыптастырды.

2000 жылдан астам тың игеру тарихына ие Цзыцюэцзе сатылы атызы табиғи ағынды суару жүйесіне сүйеніп өсіп-өніп келеді. Соңғы жылдары жергілікті орын осы егіншілік мәдени мұрасын үздіксіз қорғап, сатылы атыздың экологиялық байлығын негіз етіп, ауыл-қыстақ мәдени-туризмін дамытуда. Осылайша ежелгі сатылы атыздарға жаңа дәуірдің тынысын беріп, экологиялық көркем табиғат арқылы ауылды жандандырды.

Фото: Синьхуа

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото