Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің Пинлу каналы ресми түрде кеме қатынасы үшін ашылды (6)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 16 қыркүйек
Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің Пинлу каналы ресми түрде кеме қатынасы үшін ашылды

16 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 16 қыркүйекте Батыс құрлық-теңіз жаңа дәлізінің негізгі жобасы — Пинлу каналы ресми түрде аяқталып, кеме қатынасына ашылды.

Пинлу каналының құрылысы 2022 жылдың 28 тамызында басталды, жалпы инвестиция көлемі шамамен 72,7 миллиард юань және жалпы ұзындығы 134,2 шақырым. Канал Гуанси өлкесінің Наньниніндегі Хэнчжоу қаласы Пинтан өзенінің сағасынан басталып, Циньцзян өзені бойымен Циньчжоу қаласының Линшань ауданындағы Луу ауылы арқылы Бейбу шығанағына құяды.

Бұл канал — Қытайдағы ең жоғары деңгейдегі кеме қатынасына жарамды каналдардың бірі, онда 5000 тоннаға дейінгі кемелер жүйітки береді.

Бейбу шығанағы — Оңтүстік-Батыс Қытай үшін ең жақын теңіз шығанағы, бірақ бұрын географиялық кедергілерге байланысты Сицзян өзені мен Бейбу шығанағын жалғайтын тікелей тік канал болмай келген. Канал ашылғаннан кейін, ол Гуанси және еліміздің Оңтүстік-Батыс өңірлерінен АСЕАН елдеріне дейінгі ең қысқа, ең үнемді және ең ыңғайлы теңіз жолын жасады. Оңтүстік-батыс Қытайдан келетін тауарларды енді Пинлу каналы арқылы теңізге жеткізуге болады, бұл Гуанчжоу порты арқылы тасымалдаумен салыстырғанда ішкі су жолындағы сапарды 560 шақырымнан астамға қысқартты.

Пинлу каналының ашылуы Қытай мен АСЕАН ынтымақтастығын тереңдетуге, аймақтық дамуды үйлестіруге және жоғары деңгейдегі ашықтықты кеңейтуге күшті қолдау көрсетеді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото