- Барлық ақпарат
Ханчжоу қаласында 9-ыншы кезекті Қытай робототехника саммиті басталды (4)
18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 17 қыркүйек күні Чжэцзян өлкесінің Ханчжоу қаласындағы Болашақ ғылым мен технология қалашығында 9-ыншы кезекті Қытай робототехника саммиті ашылды. Іс-шара робототехника саласындағы соңғы жетістіктер мен қолдану экожүйелерін жан-жақты көрсету мақсатында 5 негізгі көрме аймағын қамтиды. Олар: адам пішіндес роботтар мен тұлғаланған жасанды интеллект (embodied AI), өнеркәсіптік роботтар, қызмет көрсету және арнайы мақсаттағы роботтар, медициналық роботтар және робототехника индустриясының тізбегі. Саммитте тұлғаланған жасанды интеллект, адам пішіндес роботтарды сынау және сертификаттау, биомиметикалық роботтар, денсаулық сақтау және қарттарға күтім жасау роботтары, сондай-ақ ірі модельдерді аппараттық құралдармен біріктіру сияқты озық тақырыптар қарастырылады. Осылайша іс-шара базалық аппараттық құралдар мен негізгі модельдерден бастап, қолдану орталары мен қаржылық қолдауға дейінгі бүкіл салалық тізбекті қамтиды.
Фото: Синьхуа
people.cn © People's Daily Online




