- Барлық ақпарат
2026 жылғы Бейжің Дитань саябағында кітап жәрмеңкесі ашылды (2)
18 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- 2026 жылғы Бейжің Дитань саябағында 17 қыркүйекте басталған кітап жәрмеңкесі 11 күнге созылады. Көрме алаңының жалпы ауданы 20 000 шаршы метрден асып, 500-ден астам стендте 400-ден астам баспахана, баспа мекемесі және арнайы кітап дүкендері жиналған. Бұл жолғы жәрмеңке көрме алаңының көлемі мен стендтер саны жағынан ең жоғары деңгейге жетті.
Дитань кітап жәрмеңкесі 1990 жылы алғаш рет өткізілген. Жәрмеңке Бейжіңдегі қаншама ұрпақ әдебиет әуесқойларының ортақ мәдени естелігі. Ірі баспалар жиналатын көрмеден жаңа және көне кітаптардың көпшілігін табуға болады. Келушілер бір жағынан ежелгі саябақта серуендеп, енді бір жағынан кітап іздеп, қыдыру мен кітап оқу ләззатын қатар сезінеді. Жәрмеңке барысында дәрістер, сұхбаттар, авторлық қолтаңба беру кездесулері сияқты мәдени іс-шаралар өткізіліп, мәдени-шығармашылық жәрмеңке, материалдық емес мәдени мұра қолөнері, дәмді тағамдар сияқты мазмұнмен толығады.
people.cn © People's Daily Online




