Сианьда XIII «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі ашылды (4)

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 21 қыркүйек
Сианьда XIII «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалі ашылды

21 қыркүйек, онлайн «Халық Газеті» -- XIII «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінің «Алтын Жібек жолы» сыйлығына арналған халықаралық қазылар алқасы 19 қыркүйек күні кешке шараның ашылу салтанатында таныстырылды.

19 қыркүйек күні кешке Шэньси өлкесінің Сиань қаласында «Жібек жолы әлемді байланыстырады; жарық пен көлеңке Чанъаньды нұрландырады» тақырыбындағы XIII «Жібек жолы» халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанаты өтті. Фестиваль бағдарламасына «Алтын Жібек жолы» сыйлығына арналған байқау, халықаралық алмасу және салалық ынтымақтастық, технологиялық инновациялар мен жаңа бизнес форматтарын дамыту, сондай-ақ фильмдер көрсетілімі мен көпшілікке арналған мәдени шаралар кіреді. Фестиваль алғаш рет «Құрметті қонақ елмен терең ынтымақтастық» тетігін енгізіп, Египетті құрметті қонақ елі ретінде шақырды. Осылайша Қытай мен Египет арасында кино саласындағы ынтымақтастық пен алмасу үшін жаңа платформа құрылды.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото