- Барлық ақпарат
Цинь әулетінің терракоталық жауынгерлері мен жылқылары орналасқан №2 шұңқыр жаңартылып көпшілікке ашылды
(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 1 қазан

1 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- Цинь Шихуан император кесенесі мұражайындағы терракоталық жауынгерлер мен жылқылардың №2 шұңқырының көрмесі жаңарту жобасы негізінен аяқталды. Кешенді қайта жобалау мен оңтайландыру жұмыстарынан кейін көрме залы Мемлекет мерекесі кезінде келушілер үшін ресми түрде қайта ашылды. Жаңартылған көрме 1994 жылдан бері жинақталған археологиялық, консервациялық және ғылыми зерттеу нәтижелерін қамтиды әрі №2 шұңқырдың кеңістік ерекшеліктерін толық пайдалана отырып, залды Цинь терракоталық жауынгерлері мен жылқыларының құнын әйгілейтін өзекті орынға айналдырды.







(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)
Онлайн «Халық Газеті» туралы
people.cn © People's Daily Online
people.cn © People's Daily Online



