Қытай қоғамдық қызмет көрсету салаларында ым-ишара тілі мен брайль қарпін қолдану қызметтерін кеңейтеді

(Онлайн Халық Газеті)2026 жыл 9 қазан

9 қазан, онлайн «Халық Газеті» -- 9 қазанда Қытайдың Мүгедектер федерациясын қоса алғанда, 7 мемлекеттік мекеме «Ым-ишара тілі мен брайль қарпін (көру қабілеті бұзылған және зағип жандарға арналған рельефті-нүктелі жазу жүйесі) стандарттау жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарын (2026–2030 жылдар)» жариялады. Жоспарда білім беру және емтихан тапсыру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, сот жүйесі, төтенше жағдайларда құтқару, көлік, сауда, сондай-ақ мәдениет және туризм сияқты қоғамдық қызмет көрсету салаларында ұлттық стандартқа сай ым-ишара тілі мен брайль қарпін пайдалану арқылы қызмет көрсетуді атап көрсетті.

Жоспарға сәйкес, жағдай мүмкіндік берген тұста Қытай ірі іс-шаралар кезінде, сондай-ақ табиғи апаттар мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдайлар туралы ақпарат тарату барысында ым-ишара тіліндегі аударма қызметін ұйымдастырып, брайль қарпімен жазылған материалдарды ұсынатын болады.

Сонымен қатар, Қытай кітап, газет, мерзімді басылымдар, сондай-ақ дәрі-дәрмек жапсырмалары мен нұсқаулықтар үшін брайль қарпі сияқты қолжетімді форматтарды енгізуді ынталандырады. Ірі спорттық жарыстар мен мәдени іс-шараларда ым-ишара тілі мен брайль қарпін қолдану қызметтерін қамтуды ілгерілетеді. Осыған байланысты тиісті мамандарды даярлау, ақпараттық технологияларды қолдануды күшейтетін болады.

Арнайы білім беру мектептерінде ұлттық стандартқа сай ым-ишара тілі мен брайль қарпін стандартталған түрде пайдалану мектепті басқару, сабақ өту және оқыту сапасын бағалау процестеріне енгізіледі.

Қазіргі уақытта брайль қарпіндегі оқу материалдарының жетіспеушілігі және қоғамдық қызмет көрсету орындарында брайль қарпімен жазылған белгілердің болмауы сияқты мәселелер кеңінен орын алып отыр. Сондай-ақ ым-ишара тілін қолданушылар үшін ақпаратқа қол жеткізу, әкімшілік мәселелерді ыңғайлы шешу жолында кедергілерге ұшырау да кездеседі.

Фото:бұрынғы мәтериялдан

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото